«Бүгінгі күні Универсиада жарыстарының 200 мың билетінің 77 200-і сатылды. Бұл 39 пайызды құрайды. Мәселен, егер өткен аптада орташа есеппен күнінен 600 билет сатылса, осы аптада күніне 1300 билет сатылуда. Бұл корпоративтік сатылымдарды қоспағандағы дерек. Біздің тәжірибемізге сәйкес, билеттер сатылымының шырқау шегі қаңтардың 23-28 аралығына дөп келеді», - деді Байбек.
Сонымен қатар ол Универсиада жарыстары әлемнің көптеген елдеріне тікелей таратылатындығын, көрермен саны 1 млрд.-қа жуықтайтындығын айтты. Мұнан бөлек, халықаралық спорттық жарыс өтетін күндері Алматыда көптеген мәдени шаралардың да ұйымдастырылатындығын ескертті.
«Біз 181 спорттық шарадан бөлек 40-тан астам мәдени іс-шара өткізуді жоспарладық», - деді қала әкімі.