АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылғы Қысқы Универсиаданың 5000 метр қашықтыққа конькимен жүгіру сайысына екі қазақстандық спортшы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған сайыста еліміздің атынан Бақдәулет Сағатов пен Андрей Зуев ел намысын қорғады.
Нәтижесінде Б.Сағатов 5, А.Зуев 16-орын алды.
Бұл қашықтықтықта итальяндық Риккардо Лорелло чемпион атанса, одан кейінгі орындарды тағы бір итальяндық Даниэле Ди Стефано мен жапониялық Мотонага Арито өзара бөлісті.
Еске салсақ, Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде оныншы орында тұр.
Әзірге ел құрамасы қоржынында жалғыз алтын медаль бар.
14 қаңтарда қазақстандық биатлоншы Вадим Куралес 15 шақырым қашықтықта жекелей сында мәре сызығын бірінші болып қиған еді.
Фото: sports.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.