Қара нәсілді, шамамен 25 жастағы ер адам асханаға кірген бойда тапаншасын суырып алып, бірнеше рет атқан.Бір әйел аяғынан жараланған, тағы біріне оқ жарықшақтары тиген. Олар ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қылмыскер ізін суытып үлгерген. Полицияның болжамынша, ол жараланған әйелдермен таныс емес. Ал асханаға басқа мақсатпен келген болуы ықтимал. Әзірге не себепті оқ жаудырғаны белгісіз, деп хабарлайды Утро. ру.
22:38, 07 Наурыз 2014
Университет асханасында атыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Торонтодағы Йорг университетінің кампусында белгісіз біреу оқ жаудырды. Оқыс оқиға 6 наурыз күні кешқұрым орын алған.