Университет оқытушыларына «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісі тапсырылды

АСТАНА. Мамырдың 25-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Күлтегін» мейрамы аясында аталған жоғары оқу орнының оқытушылары ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы төс белгілерімен марапатталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Атап айтқанда «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен ғалымдар - Серік Нұрақов пен Асқар Жүсіпбеков марапатталса, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісіне университет оқытушылары -Талғат Байтасов, Ербол Абайділдинов, Жұмаш Қосанов пен Жұмабек Бусурмановтар ие болды.