Университет профессорын таяққа жыққан студент ұсталды

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Петербор мемлекеттік электр техникалық университетінің 73 жастағы профессорын жұмыс кабинетінде ұрып-соққан деп күдік келтірілген студент ұсталды.

 Бұл туралы Ресей жаңалықтар қызметі хабарлайды.

  «Аталған қылмысты жасау күдігімен Санкт-Петербор мемлекеттік электр техникалық университетінің 20 жастағы 4-ші курс студенті ұсталды. Ол 2012 жылдың 26 қыркүйегінде шамамен сағат 14:00-де университетте болып, бұзақылық пиғылмен жәбірленушіні таяққа жықты», - делінген қалалық ІІДББ-ның таратқан хабарламасында.

  Миы шайқалған, сонда-ақ  бірнеше жерінен жарақаттанған профессор Александр Смольянинов ауруханаға жеткізілді. Ғалымның айтуынша, студент оны жұмыс кабинетінде ұрып-соққан.