Экономикалық теория және мемлекеттік басқару факультеті э.ғ.к., Асылбек Наурызбаев, Болат Тоқжолов сынды ардагерлерімен салтанатты кездесу шарасын ұйымдастырса, Жаратылыстану факультеті п.ғ.к., профессор, халықаралық білім академиясының корреспондент-мүшесі Күлбарам Сәдуақасқызының еңбек жолындағы естеліктерін тыңдады. Ал Педагогика факультеті «Музыкалық білім», «Кәсіптік білім беру», «Педагогика және психология» мамандықтары және «Сыр сұлуы» ансамблінің 20 ардагер-ұстазымен кездесіп, олар кейінгі буын оқытушыларына көп жылдық тәжірибелерін бөлісті. Шара барысында студенттер ардагерлер тарапына түрлі сауалдар жолдап, еркін әңгіме алаңын құрды.
Ұстаздар қауымы кездесу барысында Елбасының Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамы туралы ой-пікірлерімен де бөлісті.
Мысалы осы еңбектің 76-қадамында: ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу жайы нақты айтылған. Сонымен бірге, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру мәселесі көтерген. Мұнан кейінгі 77-79-қадамдарда да уақыт талабымен үндесетін білім саласы мәселелері талқыланған.