Университетте болған атыс кезінде бір адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні кешкісін Юта университетінде болған атыс кезінде кем дегенде бір адам қаза тапқан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

The Salt Lake Tribune газеті Солт-Лейк-Сити қалалық полиция департаментінің қызметкері Брандон Шерерге сілтеме жасап хабарлағандай, полицияға бір ер адамның басына оқ тиіп, қаза тапқаны туралы ақпарат түскен.

Университет студенттердің жасырынып, орындарында қалуын сұраған. Болжалды оқ атқан адам үстіне қара киім, кіресті бар бас киім киген және бетінде тату суреті болған. Билік күдіктіні іздеп жатыр.