деп хабарлады Ассошиэйтед Пресс.
Агенттіктің ақпаратына қарағанда, өрт Аракан қаласындағы жоғары оқу орнының тұрғын үй аумағында шыққан. Оқиға орнына өрт сөнірушілер, полиция қызметкерлері және құтқарушылар жеткен. Жергілікті полиция өкілінің айтуынша, дәл осы сәтте белгісіз адамдар өрт сөндіру көлігіне гранатометпен оқ атып, оқиға орнынан із суытқан. Соның салдарынан 24 адам жарақат алып, оның екеуі өте ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция қаскүнемдерді іздестіруде.
Айта кетерлігі, Филиппиннің оңтүстігінде 1990 жылы «Әл-Каида» басшысы Усама бен Ладеннің қаржысы есебінен құрылған «Абу-Сайяф» лаңкестік ұйымы белсенді әрекет етуде. Дәл осы осы ұйым 2004 жылы Филиппин тарихындағы ең ірі лаңкестік әрекет жасаған еді. Олар ішкі рейсті орындайтын салды жарып жіберіп, салдарынан 200-ден астам адам ажал құшқан болатын.