Университеттерде жемқорлық фактілері түлектердің оқуға түсер алдында жиі кездеседі - С. Өмірбаев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Университеттерде жемқорлық фактілері түлектердің оқуға түсер алдында жиі кездеседі.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі ЖОО және ЖОО-дан кейінгі білім беру департаменті директорының міндетін атқарушы Серік Өмірбаев мәлімдеді.

«Қазақстандық жоғары оқу орындарында жемқорлық фактілері орын алатынын азаматтардың шағымынан байқауға болады. 2015 жылғы алғашқы 10 айдың зерттеулері бойынша, жемқорлық фактілерінің орын алуы негізінен университеттерге түсер кезде болады. Бізге түскен 494 шағымның 75-інде немесе 15 пайызында ЖОО-ларда жемқорлықтың барын айтқан», - дейді С.Өмірбаев.

Оның атап көрсеткеніндей, 2015-2016 оқу жылының басында ЖОО-лар жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жоспарлы жұмыстарын жалғастыруы тиіс болған. Дегенмен ол жоспарлы жұмыстардың нәтижелері туралы тек 20 ЖОО ғана ұсынып отыр.