Университеттің бес студентін пышақтап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пышақпен қаруланған қылмыскер Толука қаласында Мехико штаты Автономдық университетінің (UAEM) дайындық курсы студенттеріне шабуыл жасап, бес адамды жаралады.

Жоғары оқу орнының ректоры Хорхе Ольвера Гарсияның айтуынша, бетперде киген қылмыскер сабақ бітер алдында аудиторияға кіріп келіп, бірнеше оқушыға пышақ сұққан. Олардың бәрі аман, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Шабуыл жасаушы оқиға орнынан тайып тұрған, қазір оны тиісті орындар іздестіріп жатыр. Қашар алдында әлгі қаскүнем жандырғыш зат құйылған бөтелкені лақтырып үлгерген. Кішігірім өрт дереу сөндірілді, деп жазады rambler.ru.