Ол соңғы уақытқа дейін «Назарбаев Университет» Медицина кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келді, деп хабарлайды «UMC» КҚ PR қызметі.
Сандро Венто 1955 жылы Италияда дүниеге келген. Болонья (Италия) университетін тәмамдап, жұқпалы аурулар бойынша маман дипломын алып шыққан. Дүниежүзілік медициналық қауымдастықтың қауымдастырылған мүшесі.
Профессор Сандро Венто клиникалық, әкімшілік және ғылыми қызметтерде үлкен тәжірибеге ие. Түрлі жылдары «С.Орсола» университеттік ауруханасының жұқпалы аурулар институтында, «Корольдік колледж» ауруханасында, Лондон, Ұлыбритания, Италияның Катандзаро ауруханасында, Верона университеттік ауруханасында, Аннунзията госпиталінің инфекциялық аурулар бөлімінде, Ботсвана университетінің Медицина мектебінде қызметтер атқарған.
«University Medical Center» корпоративтік қорының медициналық директоры барлық клиникалық компоненттерін жалпы реттеуге, оның ішінде бөлімшелер тиімділігін ұйымдастыру және арттыру, медициналық қызмет пен мейіргерлік күтім сапасын арттыру жұмыстарына жетекшілік етіп, жауап береді. Сондай-ақ, медициналық тәжірибе тиімділігін жақсартумен және арттырумен айналысады.
Еске сала кетейік, «University Medical Center» корпоративтік қоры Ұлттық медициналық холдингті трансформациялау арқылы құрылған. Қазіргі таңда «University Medical Center» корпоративтік қорының құрамына 3 инновациялық клиника - Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық диагностикалық орталық және Балалардың оңалту ұлттық орталығы кіреді.