М. Уитни америкалық экономикадағы тоқырауға байланысты банктер тартып отырған қиындықтардың ауанында Уолл-Стриттегі қаржы ұйымдарының 100 000-нан астам қызметкерлері жұмысынан айырылады деп болжайды.
«Біз бұған дейін болмаған, Уолл-Стриттегі аса ауқымды қысқартулардың қарсаңында тұрмыз», - деп жазады ол клиенттерге хабарында.
Бірнеше банк таяу айларда жаппай жұмыстан босатулар болатынын әлден-ақ хабарлады. Атап айтсақ, J.P.Morgan 17 000 қызметкерін, соның ішінде 4 000-ға жуығын осы жылы босататынын ақпанда мәлімдеді. Bank of America 16 000 қызметкерін қысқартуды жоспарлауда. HSBC-14 000, Citigroup 11 000 адамын қысқартпақ ниетте.
13:34, 12 Тамыз 2013
Уолл-Стриттің 15 пайыз қызметкері бір жарым жылда жұмыстан босатылуы мүмкін
АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - Уолл-Стриттің 15 пайызға таяу қызметкері бір жарым жылда жұмыстан босатылуы мүмкін. Қаржы сарапшысы Мередит Уитни осындай болжам жасады. 2008 жылы ол АҚШ-тың банк жүйесіндегі дағдарысты болжаған болатын, деп хабарлайды «Халықтық IPO» бағдарламасының сайты New York Post баслымына сілтеме жасап.