«Мерекелік шара аясында майдангерлер Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері аумағында темір жол көліктерінің барлық санаттары мен бағыттарында (баратын елді мекенге дейін және кері қарай) тегін жүре алады. Атап айтқанда, ардагерлер қала маңы пойыздарымен қатар «Тұлпар-Тальго» пойыздарының «Турист» вагондары мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған купелерде де тегін жүреді», делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.
ТМД елдеріне сапарлау үшін билеттер Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан темір жол кассаларында ресімделеді. Ол үшін өзімен бірге жеке куәлігі, сонымен қатар ҰОС ардагері немесе мүгедектігіі туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі болуы қажет.
Бұл туралы қосымша ақпаратты «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның теміржол кассалары мен тәулік бойы жұмыс істейтін «105» анықтама телефонынан алуға болады.