ҰОС ардагерлері пойыздармен тегін жүретін болды
2012 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне пойыздарда тегін жүру дәстүрлі акциясын өткізуде, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінен.
«Мерекелік акция аясында ҰОС ардагерлері мен мүгедектері Қазақстан Республикасы мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері аумағында темір жол көліктерінде тегін жүре алады. Ардагерлер барып - қайту нүктелеріне дейін пойыздардың барлық санаттары мен бағыттарын (ТМД аралығында), сонымен қатар қалааралық пойыздарда да купелік вагондармен жүру мүмкіндігіне ие», - делінген таратылған баспасөз айғағында.
Ардагерлер тегін билетті темір жол кассаларынан ала алады. Өзімен бірге жеке куәлігін сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының ардагері немесе мүгедегі туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі болуы қажет.
Аталған акция «Talgo» пойызымен жүруге қарастырылмайды.
Акцияны өткізу туралы қажетті ақпаратты «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының теміржол кассалары мен тәулік бойы жұмыс істейтін «105» анықтама телефонынан алуға болады.