«Мерекелік акция аясында ҰОС ардагерлері Қазақстан Республикасы мен ТМД аумағында темір жол көліктерінде тегін жүре алады. Ардагерлер «Тальго» зауыты шығарған вагондардан құралған пойыздардан бөлек, жолаушылар пойыздарының барлық санаттары мен бағыттарында, сонымен қатар қалааралық пойыздарда купелік вагондармен жүру мүмкіндігіне ие», - делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Ардагерлер тегін билетті темір жол кассаларынан ала алады. Өзімен бірге жеке куәлігі, сонымен қатар ҰОС қатысушысы немесе мүгедегі туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі болуы қажет.
Акцияны өткізу туралы қажетті ақпаратты «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның теміржол кассалары мен тәулік бойы жұмыс істейтін «105» анықтама телефонынан алуға болады.