Оның айтуынша, бүгiнгi таңда Қазақстанда 4715 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi бар. Оған теңестiрiлген азаматтардың саны 193 мыңнан асып отыр.
«Мерекеге орай, бiрнеше шаралар қолға алынады. Бiрiншiден, медальдармен марапаттау. ҚР Президентiнiң 2015 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығына сәйкес, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 70 жылдығы» бiрыңғай мерекелiк медалi құрылды. Сонымен қатар медальмен марапаттау қағидасы бекiтiлiп отыр. Естелiк медальдармен марапаттау үшiн және бiржолғы материалдық көмек көрсету үшiн әкiмдiктермен бiрге Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне Ұлы Жеңiске үлес қосқаны үшiн оларға теңестiрiлген азаматтардың тiзiмдерi өзектендiрiлдi. Және де Ұлттық банкпен 207 мың 923 медаль дайындалып, әкiмшiлiктерге жiберiлдi», - дедi ол.
Вице-министрдiң айтуынша, қазiргi уақытта оларға медальдар табыстау шаралары өткiзiлiп жатыр.