ҰОС ардагерлері мен және майдангерлері, тылдың еңбек ардагерлері, сонымен қатар музыкалық оқу орындардың студенттері Қазақстанның халық әртісі Гауһар Мырзабекова, Қазақстанның камералық оркестрінің пианисі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Тимур Орманшиев сынды Қазақстанның классика өнерінің жұлдыздарының концертін тамашалай алады. Салтанатты іс-шараға Астана, Алматы, Талдықорған, Шымкент және Қарағанды қалаларынан 1500 соғыс ардагеріне арнайы шақырту жіберілді.
Жоба «Ұрпақтар үндестігі» деп аталады. Жоба атауының өзі айтып тұрғандай, басты мақсат - қанды майданның қиындықтарын басынан кешірген ардагерлер мен соғысты ел аузынан естіген ұрпақтар арасында рухани байланысты орнату болып табылады. «Ұрпақтар үндестігі» - бұл, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс мерекесімен құттықтаумен қатар, қарт адамдарға әлеуметтік және мәдени игі шараны неғұрлым қолжетімді ету болатын. Онымен қоса аталмыш қалалардың музыкалық оқу орындарының студенттеріне Тимур Орманшиев, Гауһар Мырзабекова сынды өнер саңлақтарымен шығармашылық кездесулер және шеберлік сабақтарын өткізу көзделген. Музыка өнерінің жарқын жұлдыздары өздерінің білімдерімен жастардың дүниетанымын кеңейте отырып, шығармашылық тәжірбиелерімен бөліспек. Жоспарланып отырған кездесулерге музыка сүйер қауым мен еліміздегі музыкалық жоғарғы оқу орындарының студенттері қатыса алады.
Қайырымдылық шараның басты мақсаты мәдени демалыстан өзге, ардагерлерді материалдық тұрғыдан қолдау болып табылады. Концерттер өтетін әрбір қалада Қалалық ардагерлер кеңесі арқылы материалдық көмекті барлық ардагерлерге тарату жоспарланып отыр.
Ардагерлер ғажайып музыка туындыларын Алматыдағы ҚР-ның Тұңғыш Президенті қорының камералық концерт залынан бастап еліміздің ең керемет концерттік сахналарынан тамашалай алады. Осы бір салтанатты шараның акустикасы ең жақсы деген концерт залдарында ұйымдастырылуы - Президенттік қордың қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Қортынды концерт 24 мамырда Астанада Президенттің мәдени орталығында өтеді.
Концерттердің кестесі:
06- мамыр - Талдықорган, І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы
17 -мамыр- Шымкент, Ш.Қалдаяқов атындағы филармония
21 -мамыр - Алматы, ҚР бірінші Президентінің қоры
23 -мамыр - Қараганды, «ШАЛҚЫМА» концерт залы
24- мамыр - Астана, ҚР Пезидентінің мәдени орталығы