Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Йесенице округінде 60-қа жуық неміс еңбек лагері орналасты. Бұл лагерлерде Кеңес Одағынан, Ұлыбританиядан, Франция мен Польшадан 6 мыңға жуық тұтқын сарбаз жұмыс істеп, сол жерде қаза тапты.
Ресейлік және чехиялық қоғамдық ұйымдар, іздеуші еріктілер осы лагерлерде қаза тапқан 1300-ге жуық тұтқынның есімдері мен өмірбаяндарын жинақтады. Оның арасында 16 қазақстандық сарбаз (ақпарат www.obd-memorial.ru сайтына орналастырылған) бар.
Бұл сұрақтар бойынша мына байланыс деректеріне хабарласуға болады: Чехиядағы ҚР Елшілігінің бірінші хатшысы Дамир Уажанов, жұмыс телефоны: 420 233 310 671, ұялы телефоны: 420 739 341 414, электрондық почта: d.uazhanov@mfa.kz.
Қазақстан азаматтарын ақпараттандыру үшін Елшілік біздің отандастарымыздың (мәліметтер ішінара толық/нақты болмауы мүмкін) есімін жариялайды:
Жұмағазы Алтыбаев, 1921 ж.т., Алматы облысының тумасы (ауыл «13 наурыз»);
Молдынамов, 18 желтоқсан, 1904 ж.т., Кириловка селосының тумасы;
Алвип (Алби, Әліби) Тайла, 1899 ж.т., Гурьев облысының тумасы (Маңғыстау ауданы);
Смаиыл Бейминов, 1906 ж.т., Ақтөбе облысының тумасы (Ырғыз селосы);
Таш (Тажи, Тас) Өтеғұлов, 1900 (1903) ж.т., Ақтөбе облысының тумасы (Шұбарқұдық селосы);
Сантай Истелеев, 1915 ж.т., Қызылорда облысының тумасы (Октябрьское селосы);
Байеки (Bajeki) Каселбаев, 1912 г.р., Қызылорда облысының тумасы (Қазалы қаласы);
Нарқаш Күлжұманов (Күлшұманов), 1904 ж.т., Жанкелді ауданының тумасы (Берлик/Бірлік селосы).
Шаяхмет (Шейахмед) Сүлеменов (Сүлейменов), 1921 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының тумасы (Зайсанск/Зайсан селосы);
Белгібай (Бельгибай) Сүлейменов, 1903 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының тумасы (Зайсан селосы);
Жұмағұл Исмурзин, 20 шілде 1897 ж.т., Қостанай облысы Семиозерный ауданы (Жарқұл ауылы);
Мүфтуәли Досмұхамбетов (Досмухамбетов), 1891 ж.т., Саратов облысы, Банаков ауданының тумасы (Наталин селосы).