Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы өзінің «Ұлт жоспары бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» еңбегінің 55-қадамында Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуы және экспорт тауарлары үшін өңдеу өнеркәсібіне ең кемінде 10 трансұлттық компанияны тарту мәселесін күн тәртібіне қойды. Сонымен бірге халықаралық экономикалық нысандардың жаңа мүмкіндіктері туралы халықаралық бизнесті ақпараттандыру керектігін айтты.
«Байкен-U» ЖШС-і алғашқы жылы 350 тонна уран өндірсе, бұл көрсеткіш біртіндеп молайып келеді. Мәселен, атамыш өндіріс орны 2016 жылы жоспардағы 1834 тонна орнына 1838,3 тонна өнім өндірді. Қазіргі таңда серіктестікте 7 цех тұрақты жұмыс істеп тұр.