Бұдан бөлек, асыл тұқымды орталықтардың, асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлік орталықтардың және ұрықтандырушы-техниктердің тауар өндірушілердің және ауыл шаруашылығы кооперативтеріндегі ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша көрсеткен қызметтерінің құнын субсидиялау тетіктері қарастырылған.
«Қазіргі уақытта агроқұрылымдарда сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малды қолдан ұрықтандырумен қамту үлесі 60-70 пайызды құрайды. Яғни, бұл әдіс мал шаруашылығында кеңінен қолданылып келеді. Экономикалық тұрғыдан пайдасы көп. Бүгінде елімізге шет елдерден жоғары өнімді асыл тұқымды бұқалардан алынған сапалы ұрық әкелінуде», - деді ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген жауабында.
2022 жылы етті және сүтті бағыттағы ірі қара шаруашылығын дамытуға 60 млрд теңге қаражат бөлінсе, 2023 жылы шамамен 70 млрдтан астам қаражат қарастырылғанын атап өткен жөн.