Үрімшідегі тәртіпсіздік салдарынан 184 адам қаза тапты
14:33, 11 Шілде 2009
БЕЙЖІҢ. Шілденің 11-і. ҚазАқпарат - Қытайдың Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің әкімшілік орталығы - Үрімші қаласында орын алған этносаралық қақтығыстардың салдарынан қаза болғандардың саны, қытай өкіметінің соңғы мәліметтері бойынша, 184 адамды құрады.
Шынжаң үкіметінің бұқарамен байланыс жөніндегі басқармасынан хабарлағанындай, қаза болғандардың 137-сі - қытайлық ханьдар, 46-сы - мұсылман ұйғырлар. Қаза болған тағы бір адам басқа этникалық топтың өкілі болған.
Бұған дейін Қытай өкіметі, Шынжаңдағы толқудың салдарынан 156 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатын.