Үрімшідегі тәртіпсіздік салдарынан 184 адам қаза тапты

БЕЙЖІҢ. Шілденің 11-і. ҚазАқпарат - Қытайдың Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің әкімшілік орталығы - Үрімші қаласында орын алған этносаралық қақтығыстардың салдарынан қаза болғандардың саны, қытай өкіметінің соңғы мәліметтері бойынша, 184 адамды құрады.

Шынжаң  үкіметінің  бұқарамен  байланыс жөніндегі    басқармасынан   хабарлағанындай,   қаза болғандардың 137-сі - қытайлық   ханьдар,    46-сы -    мұсылман  ұйғырлар. Қаза болған тағы бір  адам     басқа этникалық топтың өкілі болған.   

Бұған дейін Қытай  өкіметі,   Шынжаңдағы      толқудың салдарынан 156 адамның  қаза тапқанын   хабарлаған болатын.