Үрімшідегі тәртіпсіздіктер кезінде жасалған қылмыстарға кінәлі 9 адам өлім жазасына кесілді - Қытай

АСТАНА. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат - Қытайда Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің әкімшілік орталығы - Үрімші қаласында шілде айындағы тәртіпсіздіктер кезінде жасалған қылмыстарға кінәлі деп танылған 9 адам өлім жазасына кесілді.

Бұл туралы   елдің  мемлекеттік  бұқаралық ақпарат   құралдарына сілтеме  жасап  ИТАР-ТАСС агенттігі  хабарлап  отыр.

Үрімшідегі бүлікшілік  ісі бойынша      барлығы 12 адам өлім жазасына    кесілді.

Олардың барлығы   кісі өлтіру,   тонау    қылмыстары  үшін   кінәлі   деп танылған  болатын.    Шілденің 5-інде Үрімшіде  орын алған     бүлік пен    тәртіпсіздіктердің    салдарынан 197 адам    қаза болып,  тағы 1,6 мыңнан астам   жергілікті тұрғын  жараланған еді.