Үрімжі толықтай газ және электр қуатына көшеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің әкімшілік орталығы Үрімжі қаласында жылу көзі ретінде толығымен табиғи газ бен электр пайдаланылады, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.

Қала жылу басқармасының ақпаратына сәйкес, көмірмен жұмыс істейтін 19 мыңнан астам жылу қондырғысы жыл соңына дейін таза энергия көздерін қолданатын қондырғылармен алмастырылады.

Үрімжі көмірді табиғи газға алмастыруды қала шетінде 2012 жылы бастаған. Былтырдан бері Үрімжіге бағынатын ауылдық жерлерде 32 мың көмір қазандығы жөнделді. Бұл қыс мезгілінде көмір шығынын 183 мың тоннаға, ауаға күкірт қос тотығын шығаруды 2900 тоннаға, түтін мен күлдің шығарылуын 7300 тоннаға дейін қысқарту мүмкіндігін берді.

Өңір мектептерді, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді электрмен жылытуға қарқын беріп келеді. Жылыту аумағы 7 млн шаршы метрді құрайды.