АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы Үрімжі халықаралық әуежайында ерекше үлгідегі «капсула қонақ үй» пайдалануға берілді. Бұл туралы People Daily сайты хабарлады.
«Капсула қонақ үй» Үрімжі халықаралық әуежайының үшінші терминалы ғимараты ішінде орналасқан. Онда жалпы 52 демалыс бөлмесі бар. Бір қызығы, бөлменің ішкі диаметрі 2 метр, биіктігі 1.1 метр ғана. Ал осы шағын бөлме ішіне теледидар, WiFi орнатылған. Жолаушылар қонақ үйге телефон арқылы алдын ала тапсырыс та бере алады.
Соңғы жылдары Жібек жолындағы маңызды қала ретінде Үрімжіге келіп-кетушілердің саны күрт артып отыр. Тек өткен жылы ғана Үрімжі халықаралық әуежайы 21 миллионға жуық жолаушыны қабылдаған.
Ризабек Нүсіпбекұлы
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының магистрі.
2009 жылдан бері "ҚазАқпарат" Халықаралық ақпарат агеніттігінде қызмет атқарады.
"ҚазАқпарат" Халықаралық ақпарат агенттігін дамытуға қосқан үлесі үшін және еліміздің ақпарат саласына сіңірген еңбегі үшін «Күміс бітікші» медалінің иегері.
Халықаралық, Республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері.