Күдіктілердің төртеуі терракт кезінде қаза болды, тағы біреуі полицияның құрығына түсті. Олардың бәрі де көп уақыт бойы діни экстремистердің әсерінде болған. Солардың берген видео, аудио материалдарын көріп-тыңдаған, заңсыз әрекеттермен айналысқан. 2013 жылдың соңында 5 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, қолдан жарылғыш құралдар жасап шығарумен айналысқан. Сөйтіп 22 мамырда жергілікті уақыт бойынша таңғы 7:50-де Үрімжіде террорлық акті жасады. Бұл Үрімжідегі 2009 жылғы тәртіпсіздіктерден кейін орын алып отырған ірі лаңкестік. Онда 197 адам қаза болып, 1,7 мыңы жараланған болатын.
18:39, 24 Мамыр 2014
Үрімжідегі жарылысты ұйымдастырған күдіктілер анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай полициясы Үрімжіде 34 адамның өмірін қиған, 94 адамды жаралаған жарылысты ұйымдастырған 5 күдіктіні анықтады, деп хабарлады «Синьхуа» агенттігі.