Аталмыш байқау биыл ел газеті «Egemen Qazaqstan» газетінің ғасырлық тойы аясында өтіп жатқандықтан, мерейтойлық жүлде табысталды. Аталмыш жүлде қазақ журналистикасына еңбегі сіңген, белгілі ұстаз, майталман маман Намазалы Омашқа бұйырды.
«Egemen Qazaqstan» ұжымында бұл жүлдеге лайық ардагерлер көп. Маған газеттің жылнамасын жинақтауға қосқан үлесім үшін берілді деп ойлаймын. Журналистер мерекесі мен «ел газетінің ғасыр тойы құтты болсын», - деді Намазалы Омаш жүлдені алып тұрып.
Үшінші жыл қатарынан өтіп жатқан «Үркер-2019» байқауының қорытындысы биыл ресми бекітілген БАҚ қызметкерлері күніне дөп келіп отыр.