«Үркер» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары 1 млн теңгеден сыйақы алады
11:47, 23 Мамыр 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Баспасөз, радио және интернет-журналистика саласына арналған бірінші «Үркер-2017» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары 1 миллион теңгеден сыйақы алады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Алда 28 маусым күні баспа, радио және интернет-журналистика салсы бойынша «Үркер» ұлттық премиясы өтетіні туралы естіген боларсыздар?! Шараның ауқымы кең болғалы тұр, оған күмәндарыңыз болмасын. 15 жеңімпаздың әрбірі 1 млн теңгеден алғалы отыр. Меніңше - лайықты мотивация!» - деп жазды «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы Евгений Кочетов өзінің парақшасында.