Қызық болғанда, өзін босандырған дәрігерлердің сөзіне сеніп қалған әйел шарананы көрсетуді талап етпеген еді кезінде. Ол ол ма, шарананың шетінегені жайында куәлікті де талап етпеген.
«Жасым 40-қа келгенде туғандарымды іздеуге кірістім. Мені асырап алған ата-анам өсіріп-жеткізгенін білетінмін. Бала кезімде маған менің туған жерім Чили екенін айтқан болатын»,- деді АҚШ-тың Вашингтон штатына қарасты Такома қаласының тұрғыны Трэвис Тролье. «Өгей әке-шешем мені балалар үйінен асырап алғандарын айтқан болатын. Онда қалай тап болдым, ешкім білмейді. Ұзақ уақытқа созылған іздестіру жұмыстарынан кейін әлеуметтік желіден өткен ғасырдың 60-90 жылдар аралығында Чилиде балалардың көптеп жоғалғаны туралы ақпаратқа кезіктім. Олардың саны бірнеше жүз болатын. Оларды шетелдіктерге сатқан немесе балалар үйіне өткізген»,- деді америкалық азамат ағынан ақтарылып. «Чилиден ұрланған балаларды ата-анасымен қауыштыратын қауымдастықпен "Фейсбук" әлеуметтік желісінде танысудың сәті түсті. Оларға өзім жайындағы ақпараттарды бердім. Тура бір айдан кейін олар маған туған анамның байланыс дерегін тауып берді», - деді ол сөзін сабақтап. Екі баланың әкесі атанып үлгерген ол Чилиде өзінің үш інісі мен екі қарындасын барын біледі. 61 жастағы Нелли Райс 40 жылдан кейін табылған баласын АҚШ-тан Чилиге көшіріп алатынын жеткізді, деп жазады islam.kz.