Ұрланған iPhone үшін қытайлық өзін өртемек болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда электроника өндіру зауыттарының бірінде көтеріліс орын алды, оған барып тұрған сорақы жағдай себеп болды, деп жазады Росбалт.

Бәрі мынадан басталған: жұмыс ауысымы кезінде жұмысшылардың бірінің жеке заттарын қоюға арналған сөресінен iPhone ұрланыпты. Жұмысшы күзетшілерді өз міндеттеріне немқұрайлы қарайды деп айыптап, басшылықтан оның орнына өтемақы талап еткен. Алайда оның бұл тілегі орындалмады.

Осыдан кейін әлгі қытайлық жұмысшы үстіне бензин құйып, компанияның күзетшілері мен менеджерлерінің көзінше өзін жағып жіберген, деп хабарлады Informing.

Сол кезде оған ешкім көмекке келмеген, тіпті жедел жәрдем машинасына зардап шегушіні жеткізуге ешкім көмектеспеген.

Осының бәрі зауыт жұмысшыларының ашуына тиіп, олар да қарсы көтеріліске шықты. Оларды басу үшін полиция шақырылды.

Өзін-өзі жағып жібермек болған қытайлық өзінің айналасындағыларды қорқытпақ болғанын, ал шын мәнісінде өзін кездейсоқ жаққанын айтты.