деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласының ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өндіріс көшесінің бойында орналасқан үйдің алдынан ұрланған ВАЗ-2107 көлігінің иесі Жол полициясына 03.24 сағат шамасында хабарласты. Бірден ІІД-нің арнайы жоспары енгізіліп, көлік ұрланған ауданның барлық жолдары ерекше бақылауға алынады. Жедел іздестіру шарасы жемісін беріп, Жол полициясының қызметкерлері, полиция сержанттары А. Емилов пен Б. Оразбаев көлікті және оны айдап әкеткен қылмыскерді қолға түсірді», делінген баспасөз хабарламасында.
Жалпы өткен демалыстарда Жол полициясының қызметкерлері Астанада 1078 жол жүру ережесін бұзу оқиғаларын тіркеген. Оның ішінде 46 оқиға көлікті мас күйінде басқару болса, 158-і жылдамдықты белгіленген шамадан тыс асыру фактілері болып отыр. Сонымен қатар жолдың қарсы бағытына шыққан 33 жүргізуші және техникалық жағдайы сай емес 49 көлік иесіне тиесілі шаралар қолданылды.
Рөлді басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлесуге жол ережесінде тыйым салынғандығы белгілі. Бірақ бұл кері үрдіс әлі сап тыйылар емес. 33 жүргізушіге аталмыш ережені бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды.