Департаменттің хабарлауынша, 19 қараша күні сағат 12:07-де Бейнеу аудандық полиция бөлімінің 102 кезекші пультіне автожанармай құю станциясынан «Lexus» маркалы автокөлік ұрланғаны туралы қоңырау түскен.
«Бейнеу аудандық полиция бөлімі ұрланған автокөлікті іздеуге жеке құрамды жұмылдырды. Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», делінген хабарламада.