Елде оларды құтқару шараларын қолға алмаған билік орындарының жауапсыздығы мен салғырттығына қарсы жаппай наразылық шаралары өтуде. Нақтылай айтсақ, Нигерияның солтүстік-шығысындағы Чибок елді мекеніндегі мектептен ұрланған 200-ден аса жоғары сынып оқушыларының біразы босатылғанымен, оралмағандары да бар болып шықты. Содырлардың оларды қайда жасырғаны белгісіз. Жергілікті ақсақалдардың сөзіне қарағанда, радикалдар 16-18 жас аралығындағы қыздарды шекара асырып, Камерун мен Чад мемлекеттерінде 2000 найра ақшаға (шамамен 12 долларға) күңдікке сатып жатыр.
23:22, 05 Мамыр 2014
Ұрланған қыздар 12 доллардан күңдікке сатылып жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигериядағы «Боко Харам» деп аталатын христиан содырлар тобы қыздарды ұрлап әкетіп, күңдікке сатып жатыр, деп жазады muslim.kz.