«Қаржы полициясы органдарының жедел-тергеу қызметі көрсеткендей, ұрланған мұнай әрі қарай сату мақсатында жасырын шағын цехтарда өңделеді», - деп атап өткен оның айтуынша, Қызылорда облысында жедел-іздестіру шаралардың нәтижесінде Қызылорда-Жезқазган трассасының 53 шақырымында орналасқан жасырын шағын цех анықталған. Онда тиісті құжаттары жоқ шикі мұнайды өңдеу және сақтау жүргізілген. Тексеру барысында 10 тонна шикі мұнай анықталған. «Аталған факт бойынша Шохтаев шартты түрде 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», - деді ол.
Сонымен қатар оның атап өтуінше, осы облыста шикі мұнайды заңсыз өндіру бойынша жасырын тағы бір шағын цехтің қызметі әшкереленді. «Бұл цехтан құжатсыз 15 тонна шикі мұнай анықталды. Осы факт бойынша Тоқсанбаевқа қатысты қозғалған қылмыстық іс рақымшылық актісіне байланысты қысқартылды»,- деді М.Жұманбай.