Ұрланған «Ягуар» 46 жылдан кейін иесіне қайтарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Майямиде тұрып жатқан 82 жастағы америкалыққа 46 жыл бұрын ұрланған "Ягуар" көлігі қайтарылды, деп жазады шетелдік БАҚ.

1968 жылы жас заңгер Айван Шнайдер өзінің Jaguar E-type маркілі кабриолетін соңғы рет Нью-Йорктегі үйінің маңында көрген. Кейін оны қаскөйлер айдап әкеткен.

Ағымдағы жылдың маусымында ескі "Ягуар" Голландияға әкелінген ескі көліктерді тексеру кезінде көзге түскен. Ұрланған темір тұлпарды АҚШ-қа қайтарып, жақын арада иесіне жөнелтеді.

Шнайдер автомобильді жаңғыртуға ниетті.