Сот талқысында белгілі болғанындай, сотталушы 2016 жылдың 18 қарашасынан азық-түлік дүкендеріне терезе арқылы кіріп, бірнеше рет ұрлық жасаған. 14 желтоқсан күні соңғы жорықтан кейін арақ сатып алып, өзі әр түрлі жұмыс жасайтын «Дорожный» мейрамханасына келген. Осында өзімен тұрмыстық бөлмеде бірге тұратын күзетші Қалмұқановпен бірге арақ ішкен. Соның барысында екеуінің арасында талас туындаған. Жәбірленуші бұрын бірнеше рет сотталған Трифоновтың бас бостандығынан айыру орнында ер адамдармен жыныстық қарым-қатынаста болғанын айтқан. Бұл сөздерден кейін Трифонов Қалмұқановты еденге жығып салып, кеуде тұсына 10 мәрте пышақ жұмсаған. Марқұм сол жерде көз жұмған.
Сотталушы сондай-ақ Қалмұқановтың туыстарына моральдық өтемақы ретінде 1,5 млн. теңге төлеуі тиіс.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
21:52, 06 Наурыз 2017
Ұрлық жасап, кісі өлтірген оралдық тұрғын 13 жылға сотталды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 6 наурыздағы үкімімен Анатолий Трифонов ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімі (кісі өлтіру) және 188-бабы 2-бөлімімен (ұрлық) айыпты деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтеуге сотталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.