Күдікті Талдықорған қаласында және Ескелді ауданында өзгенің затын қолды қылып жатқан сәтінде бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Артынша бұл кадрлар әлеуметтік желіге жарияланып, халықтың ашуын тудырды. Бүгін Ескелді ауданының полицейлері күдіктіні Қарабұлақ ауылында қолға түсірді.
«Күдікті Көксу ауданының тұрғыны. Оның 6 фактіге қатысы бар екені дәлелденіп отыр. Ол сауда үйлерінде, білім мен денсаулық мекемелерінде ұрлық жасаған. Ұрланған заттардың ішінде ұялы телефондар, әмияндар, әйел сөмкелері сынды заттар бар. Қазір нақты келтірілген шығын көлемі есептелуде. Күдіктінің өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», - деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазір аталған фактіге орай сот-алды тергеу жүруде.