Уругвай футболы «қара жамылды»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Уругвайдың аты аңызға айналған футболшысы, 1950 жылғы әлем чемпионатында финалдағы Бразилиямен ойынның шешуші, жеңіс голын соққан Альсидес Эдгардо Гиджа 88 жасында дүниеден озды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Сол кезде Рио-де-Жанейро қаласындағы Маракана стадионында өткен финалдық кездесуде ойын бітуге он минут қалғанда уругвайлық футболшы тарихи голымен құрама командасының абыройын асқақтатып әкеткен болатын. Гиджа өзімен қатарлас футболшылардың барлығынан да ұзақ жасады.

Ол футбол сүйер қауымның әрдайым жиі айтатын: «Маракана» стадионын үш-ақ адам тыныштандыра аламыз: Рим папасы, Фрэнк Синатра және мен» сөзінің авторы.