Бұған Сайлау соты сайлау учаскелерінің 81,26 пайызының мәліметтерін өңдегеннен кейін шығарған дауыстарды санау қорытындылары дәлел.
Орсиге 942 470 сайлаушы дауыс берді. Оның қарсыласы, басқарушы орталық-оңшыл Ұлттық партияның кандидаты Альваро Дельгадоны 898 767 адам қолдады.
Дельгадо сайлаудағы жеңілгенін мойындап, қарсыласын құттықтап үлгерді. Орсиді жеңісімен Уругвайдың қазіргі президенті Луис Лакалье Поу да құттықтады.
2015-2024 жылдары Канелонес департаментінің мэрі қызметін атқарған Орси Уругвайда соңғы жылдары күшейген қылмыспен күресті және есірткінің ел арқылы тасымалдануын өзінің басым бағыттарының бірі деп атайды.
Уругвайдың бұрынғы президенті Хосе Мухика қолдайтын саясаткер сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашуға және табысы төмен жұмысшылардың жалақысын өсіруге уәде беріп отыр.
Сыртқы саясатта ол аймақтық ұйымдар, соның ішінде Оңтүстік Американың Ортақ нарығы («Меркосур») шеңберіндегі интеграциялық үдерістерді жеделдету қажеттілігін басымдық ретінде көрсетеді.
Сайлау науқаны кезінде Орси Венесуэла президенті Николас Мадуро үкіметін авторитарлық деп атап, 28 шілдеде Боливария Республикасында өткен президенттік сайлауда дауыстарды санаудың ашықтығына күмән келтірді. Онда Мадуро жеңіске жеткен. Уругвайдың жаңадан сайланған президентінің инаугурациясы 2025 жылдың 1 наурызында өтеді.
Еске салсақ, бұған дейін Димаштың әні алғаш рет Уругвай радиосында шырқалғаны хабарланды.