«Соңғы мәліметтерге сүйенсек, тасқын салдарынан өз үйлерінен кеткен тұрғындар саны 1 754-ке жеткен. Олардың ішінде 573 адам басқа жерге көшірілді, 1 098 адам өз еркімен кетті», делінген.
Ресейлік ТАСС агенттігінің хабарлауынша, 1 299 тұрғыны өз үйлерін еріксіз босатқан Сальто департаментіндегі жағдай тіпті қиын. Сондай-ақ, Пайсанду, Артигас департаменттері де су тасқынынан зардап шекті.
Биліктің мәлімдеуінше, көшірілгендердің барлығына уақытша тұрғын үй беріліп, қажетті көмек көрсетілген.
Нөсер жауын Уругвайдың солтүстігіне өткен аптада жауды. Метеорологтардың болжауынша жақын үш күнде жауын толастап, келесі аптада қайтадан күшіне енуі мүмкін. Сел салдарынан бірнеше жолдарды да су басып қалды.