АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Арканзас штаты Конуэй қаласында алаяқ ашалы жүк көлігінің көмегімен ақша толы банкоматты ұрлап кетті. Бұл жайлы KATV хабарлайды.
Қылмыс қараңғы түнде жүзеге асырылған.
Полиция қызметкерлері бұл ұрлықтың артында құрылыс индустриясына қатысты адамдар тұр деп күдіктенеді.
Маусым айында Американың Вашингтон штаты Эверетт қаласында банкомат тонамақшы болғандар абайсызда онда сақталған ақшаларды өртеп алғандығы хабарланған болатын
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.