Бетін медициналық бетпердемен тұмшалаған ер адам түнгі уақытқа жабылған супермаркетке кіріп, кассирлерді пышақпен қорқытқан.
Осылайша кассадан 3,5 млн теңгені алып кетті.
«Шабуыл кезінде қызметкерлердің ешқайсысы зардап шекпеген. Ол барлығы кассадан 3 миллион 543 мың 927 теңге алып кеткен. Бірнеше сағат ішінде күдікті ұсталды. Ұрланған ақша да іс материалдарына айғақ зат ретінде тіркелді», - деді Әуезов аудандық ІІД басшысы Есен Ысқақов.
Қазір күдікті қамауға алынды. Оған ҚР ҚК 192-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері оның басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.