Ұры жертөле арқылы кіріп, ломбард тонады - Қарағанды

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандының орталығында, Бұқар жырау даңғылында орналасқан ломбардтардың бірі 1 миллиондай теңгеге тоналды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінен хабарлады.

«Ұры ломбардқа жертөле арқылы, еденді астынан тесіп кірген. Ол өзімен 100 мың теңгедей ақша және зергерлік бұйымдар алып, қайтадан жертөле арқылы шығып кеткен», - деп хабарлады тәртіп сақшылары.

Полицияның мәліметі бойынша, келген шығын 1 миллион теңгені шамалайды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Полиция күдіктілер туралы әзірге ешнәрсе хабарлаған жоқ.