Ұры жұтып қойған жүзік аукционда 16 мың долларға сатылды

None
АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Австралияда ұрының ішінен шыққан қымбат әшекейлі жүзік аукционда сатылды.

Саудадан түскен қаржы аққан ауруына шалдыққан балаларға көмек қорына аударылады.

Lenta.ru-дың хабар­лауын­ша, гауһартастары бар жүзік 16 мың долларға сатылған. Бұл оның өз құнынан 11 мың долларға төмен. Жүзікті Перт қаласында тұратын бір әйел сатып алды. 28 ақ және бір сары гауһартасы бар сақина - Квинсленд штатында Дэвид Уильям Уоттс есімді ұры жұтып қойған екі зергерлік әшекейдің бірі. Уоттс оларды сауда орнынан асқазанына салып алып шықпақ болған. Бірақ полиция ұрыны дер кезінде ұстады. Әшекейдің бірі дәретхана тесігіне түсіп кетіп, табылмай қойды. Ал 29 тасты жүзік тазартылып, аукцион үйіне берілді, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.