Ұрлық Эскалон қаласындағы қоймалардың бірінде 3 қарашада болған, алайда ол жайында бүгін ғана белгілі болып отыр.
Өткен айда штатта осыған ұқсас жағдай тіркелді. Онда жол жиегіндегі трейлерден 4,5 тонна грек жаңғағы ұрланған.
Грек жаңғағын өсіру Калифорния ауыл шаруашылығы индустриясының экспорты бойынша төртінші сатыда. Бұл дақылды өндіруде әлемде Қытай алдыңғы орында келеді.