Сала-Консилина қаласында белгісіз екі адам шаңсорғыштың көмегімен жанармай құю бекетінің өздігінен қызмет көрсету режиміне қойылған кассасындағы ақшаны жымқырып кетті.
Қылмыскерлер алдымен кассаны бұрғылап тесіп, кейін шаңсорғышпен саңылаудан 3 мың еуроны тартып алған.
Ақша ұрлау операциясының тез өткені соншалық, дабыл белгісі соғылып, полицейлер барынша жылдам жеткенімен, ұрылар оқиға орнынан іздерін жасырып үлгерген.