️Үржар ауданында күрес залы ашылды

СЕМЕЙ. KAZINFORM - Үржар ауданы Жоғарғы Егінсу ауылында ауыл әкімшілігінің жаңа ғимараты мен күрес залының ашылуы өтті. 

Фото: Абай облысының баспасөз қызметі

Жаңа әкімшілік ғимарат барлық заманауи талаптарға сай. Оның ауданы 180 шаршы метрді құрайды. Бұл ғимарат ауыл тұрғындарына жоғары сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған. 

Фото: Абай облысының баспасөз қызметі

Сонымен қатар ауылда жас спортшыларға арналған күрес залы ашылды. Жергілікті кәсіпкер залды тиісті спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.

Залда 50-ге жуық спортшы жаттыға алады. Сондай-ақ жаттығу залында бір жаттықтырушы жұмыс істейді. 

Фото: Абай облысының баспасөз қызметі