Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихат депутаты Зухра Тұрапованың айтуынша, бүгін мәслихаттың кезектен тыс 14 сессиясы өтті.
«Сессияда 2021-2024 жылдарға арналған аудан бюджетіне өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ Қабанбай мен Бақты ауылдарының Бас жоспарлары бекітілді. Қаралған ең негізгі мәселе – Үржар ауданы әкімшілік-аумақтық құрылысын жаңадан құрылатын Абай облысына беру туралы ұсыныс. Мәслихат депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдадық», - дейді Зухра Тұрапова.
Естеріңізге сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынған болатын. Жергілікті жұрт бұл өзгерісті қолдаған еді.
Фото: zheruiyq.kz