деп хабарлайды Аltaynews.kz сайты.
Соңғы деректер бойынша, Ақшоқы ауылында індетке шалдыққан және ауру малмен бірге жайылған ірі қара малдың 1375 басы құртылды. Ауру мал өртеліп, мал қорымына көмілді.
Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінде хабарлағандай, індет ошағын арнайы ерітіндімен залалсыздандыру жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Бүгінге дейін 1 пайызды «Кристалл-900» ерітіндісімен радиусы 5940 шақырым аумақ залалсыздандырылған .
3453 бас ірі қара мал мен 4962 ұсақ мал аусылға қарсы егілді. Аулаларда ауру малдарды анықтау әлі де жалғасуда. Тұрғындарға аусыл індеті жайлы түсініктеме жүргізу шаралары қолға алынған.
14:28, 28 Мамыр 2013
Үржар ауданында аусыл індеті әлі ауыздықталмай отыр - ШҚО
АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында аусыл індеті әлі ауыздықталмай отыр,