Үржар ауданында қарсы көрсетілімі жоқ тұрғындар толықтай вакцина алды – ШҚО

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында қарсы көрсетілімі жоқ тұрғындардың 100 пайызы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда өңір жұртшылығы арасында COVID-19 инфекциясына қарсы екпенің бірінші компонентін алғандар үлесі – 85,7% пайызды құрап отыр. Ал жалпы халықтың 77,7 пайызы вакцинаның екі компонентін де салдырған.

Вакцинаның екі компонентін салдыру көрсеткішінде Үржар ауданы көш басында. Онда қарсы көрсетілімі жоқ тұрғындар толықтай вакцина алды. Ал Бесқарағай (98,8%) және Аягөз (96,1%) аудандары үздік үштікте тұр. Ең төменгі орында – Шемонаиха ауданы (61,6%). Сондай-ақ Глубокое ауданында халықтың 64,8 пайызы ғана екпенің екі компонентін алған.

Айта кетейік, соңғы тәулікте Шығыс Қазақстанда 82 адам қауіпті дертке шалдыққан.


Соңғы жаңалықтар